4.1. Электрондық ақшаны өткізу (тарату) жөніндегі қызметті көрсету тәртібі:4.1.1. Электрондық ақшаны сатып алу үшін Клиент электрондық әмиянды тіркеуі қажет. Тіркеу абоненттік телефон нөмірі бойынша жүргізіледі.
4.1.2. Электрондық әмиянды тіркеу үшін Клиент төлем ұйымының сайтында орналастырылған төлем ұйымы Офертасының талаптарымен танысуы қажет және осы талаптармен келіскен жағдайда Клиент Офертаны толық және сөзсіз акцептейді.
4.1.3. Электрондық әмиянды тіркеу жөніндегі әрекеттерді жасай отырып, Клиент Офертаның талаптарын, сондай-ақ төлем ұйымының Электрондық ақша жүйесі шеңберінде электрондық ақшаны пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер жасау жөніндегі қызметтерді көрсету туралы Офертаның талаптарын толық көлемде және ешқандай ескертусіз қабылдайды.
4.1.4. Клиенттің Жүйеде электрондық әмиянын тіркеу, сондай-ақ электрондық ақшаны сатып алу және кейіннен электрондық әмиян теңгерімін толықтыру Клиенттің электрондық әмиянды төлем агенттерінің/субагенттерінің электрондық терминалдары, банкоматтар, қаржылық интернет-порталдар арқылы, сондай-ақ төлем карталарын және өзге де электрондық төлем тәсілдерін пайдалану арқылы толықтыру жолымен, тізбесі Жүйе сайтында орналастырылған тәсілдермен, мынадай тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін:
4.1.4.1. Электрондық ақшаны шығаруды электрондық ақша эмитенті Клиенттен немесе өкілдерден өзіне қабылдайтын міндеттемелердің атаулы құнына тең сомада ақша алғаннан кейін жүзеге асырады.
4.1.4.2. Электрондық ақшаны Клиентке өткізу сәтінде Клиентке сауда чегі беріледі.
4.1.5. Сауда чегінде мынадай деректемелер болады:
- эмитенттің атауы мен деректемелері, оның ішінде оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
- операция жасалған уақыты мен күні;
- түбіртектің реттік нөмірі;
- электрондық ақша иесінен қабылданған ақша немесе келіп түскен төлемдер сомасы;
- шығарылған электрондық ақша сомасы;
- жеке тұлға болып табылатын электрондық ақша иесінің электрондық әмиянының сәйкестендіру коды;
- комиссиялық сыйақы мөлшері (алынған жағдайда).
Сауда чегінде электрондық ақша Банк-эмитенті белгілеген қосымша деректемелерді көрсетуге жол беріледі.
4.1.6. Электрондық ақша Клиентке Клиенттің электрондық әмиянындағы қолжетімді қалдық туралы ақпарат көрсетілген сәттен бастап өткізілді деп есептеледі.
4.1.7. Төлем қызметін көрсету мерзімі – Клиенттерден, электрондық ақшадан ақша алынған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні.
4.2. Электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау және өңдеу жөніндегі қызметті көрсету тәртібі:4.2.1. Электрондық ақша жүйесінде төлем ұйымы Электрондық ақша жүйесінің Операторы болып табылады. Офертаға сәйкес Электрондық ақша жүйесінің Операторы Клиенттерге электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау және өңдеу жөніндегі қызметтер көрсетеді.
4.2.2. Төлем қызметін алу үшін Клиент Электрондық ақша жүйесінде тіркелуден өтіп, электрондық ақшаны сатып алуы қажет. Клиенттің есептік жазбасы Электрондық ақша жүйесінде тіркелгеннен және электрондық ақша сатып алынғаннан кейін Клиент Электрондық ақша жүйесін пайдалануға, оның ішінде төлемдер жасау мақсатында есептік жазба теңгеріміне қол жеткізуге құқылы.
4.2.3. Төлемдерді Клиент электрондық ақша эмитенті Банктің атына Электрондық ақша жүйесі арқылы нақты Төлем алушының пайдасына төлем жасау туралы электрондық нысандағы электрондық ақшаны пайдалану жөніндегі өкімді қалыптастыру, куәландыру және беру арқылы жүзеге асырады.
4.2.4. Өкімді қалыптастыру үшін Клиент төлем деректемелерін ұсынады, оның ішінде:
- электрондық ақшаны пайдалана отырып төлем жасалатын Төлем алушы туралы;
- төлем мақсатын сәйкестендіретін төлем деректемелері туралы (мысалы, Клиент пен Төлем алушы арасындағы шарттың нөмірі мен күні, төлем жасалған сәтте ұсынылуға тиіс өзге де деректемелер);
- төлем сомасы және т.б.
- төмендегі тәсілдердің бірімен:
- Сайттағы тиісті нысанды толтыру арқылы;
- төлем агентінің/субагентінің электрондық терминалындағы тиісті нысанды толтыру арқылы;
- Электрондық ақша жүйесінің мобильді қосымшасын пайдалана отырып мобильді құрылғыдағы тиісті нысанды толтыру арқылы.
4.2.5. Төлем жасау туралы өкімді куәландыруды Клиент өзі белгілеген Электрондық ақша жүйесінің баптауларына қарай мынадай тәсілдермен жүзеге асырады:
- Клиенттің есептік жазбасы тіркелген кезде берілген Аутентификациялық деректерді Клиенттің енгізуі арқылы;
- Клиенттің есептік жазбасы тіркелген кезде берілген Аутентификациялық деректерді Клиенттің енгізуі, сондай-ақ төлем ұйымының бағдарламалық құралдары абоненттік нөмірге жіберген/берген растау кодын енгізуі арқылы;
- төлемдерді хабарлама арқылы растау көмегімен командаларды пайдалану арқылы.
4.2.6. Дұрыс Аутентификациялық деректерді, Растау кодтарын енгізу немесе төлемдерді хабарлама арқылы растау көмегімен командаларды пайдалану тараптармен жасалған төлемдердің бірмәнді және даусыз растамасы ретінде танылады.
4.2.7. Клиент есептік жазбаны авторизациялау және Электрондық ақша жүйесін пайдалану мақсатында беретін электрондық хабарламаларда Аутентификациялық деректерді, өкімдерді қалыптастыру және жіберу мақсатында берілген растау кодтарын, хабарлама арқылы растау көмегімен берілген командаларды пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес қолтаңбаны қолданумен тең заңдық салдар туындатады, ал Оферта талаптарында жасалған Қызметтер көрсету туралы шартты орындауға байланысты және жоғарыда көрсетілген тәсілдердің кез келгенімен куәландырылған барлық құжаттар жазбаша нысандағы құжаттар деп танылады.
4.2.8. Клиент енгізген Аутентификациялық деректердің, Растау кодтарының немесе хабарлама арқылы растау көмегімен берілген командалардың дұрыстығын, сондай-ақ Клиенттің есептік жазбасы теңгеріміндегі электрондық ақшаның төлем жасау үшін жеткілікті екенін тексергеннен кейін төлем ұйымы Клиент өкімде көрсеткен ақпаратты Эмитентке береді, сондай-ақ Клиентті электрондық ақша эмитентінің тиісті өкімді орындауға қабылдағаны немесе орындаудан бас тартқаны туралы хабардар етеді.
4.2.9. Эмитенттің Клиенттің төлем жасау туралы өкімдерін орындауы Жүйе шеңберінде Электрондық ақшаны пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер жасау жөніндегі қызметтерді көрсету туралы Офертада белгіленген талаптарда жүзеге асырылады.
4.2.10. Төлем ұйымы Офертада көзделген конклюденттік әрекеттерді жасау арқылы Клиент қосылған Қызметтер көрсету туралы шарт бойынша тараптардың өзара құқықтары мен міндеттемелерінің туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын электрондық есепке алу тізілімінде тіркеуге міндеттенеді.
4.2.11. Әрбір төлемнің жасалғаны туралы Клиентті хабардар ету Клиентке Жүйе сайтында қолжетімді етілген Клиенттің есептік жазбасындағы «Есептер» бөлімінде ақпаратты орналастыру арқылы жүргізіледі. Клиент «Есептер» бөліміндегі ақпаратты күніне кемінде 1 (бір) рет тексеруге міндеттенеді. Егер Клиент Жүйе сайтындағы «Есептер» бөлімінде төлемдер туралы ақпаратты тексермесе, Клиент операция туралы ақпарат алмағанына байланысты төлем ұйымы жауапты болмайды. Клиент Офертаны акцептеу арқылы Жүйе сайтындағы «Есептер» бөлімінде төлем туралы ақпарат орналастырылған сәттен бастап төлем ұйымының Клиентті хабардар ету жөніндегі міндеттемесі тиісінше орындалды деп танитынын және растайтынын мойындайды.
4.2.12. Төлем ұйымы сондай-ақ Клиенттің есептік жазбасын тіркеу кезінде көрсетілген абоненттік нөмірге Клиенттің есептік жазбасын толықтыру операциялары және есептен шығару операциялары (төлем ұйымының пайдасына төлемдерді қоспағанда) туралы SMS-хабарламалар жібере алады.
4.3. Электрондық ақшаны төлем ретінде қабылдайтын тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді жеткізуші Серіктестерді Электрондық ақша жүйесінде тіркеу:4.4. Заңды тұлғаның және/немесе жеке кәсіпкердің (бұдан әрі – Серіктес) электрондық ақшаны төлем ретінде қабылдауы үшін Серіктес пен төлем ұйымы арасында келісілген нысан бойынша төлем ұйымымен электрондық ақшаны қабылдау жөніндегі Серіктестік туралы шарт жасалады.4.5. Серіктесті Электрондық ақша жүйесінде тіркеу үшін Серіктес мынадай әрекеттерді жүзеге асырады:- Электрондық ақша жүйесіне қосылуға арналған қызмет көрсетушінің сауалнамасын толтырады;
- Сауалнама берілгеннен кейін Серіктес пен төлем ұйымы арасында шартты келісу және оған қол қою рәсімі жүргізіледі.
- Серіктеске берілген бірегей сәйкестендіргіш негізінде оны Электрондық ақша жүйесіне қосу жүзеге асырылады.
4.6. Электрондық ақша эмитенті үшін статистикалық және өзге де есептілікті қалыптастыру тәртібі:4.6.1. Төлем ұйымы күн сайын Эмитентке электрондық ақшамен жасалған операциялар туралы ақпаратты қамтитын мынадай кіріс файлдар мен есептер жиынтығын береді:
1) Операцияларды автоматтандырылған есепке алуға арналған кіріс файлдар (тізілімдер):
- Электрондық ақша жүйесінде жүргізілген операциялардың егжей-тегжейлі файлы;
- провайдердің/өкілдің коды бойынша егжей-тегжейлеумен контрагенттер бойынша жиынтық сомалар файлы;
- операция коды мен шарттың бірегей сәйкестендіргіші бойынша операциялардың егжей-тегжейлі файлын топтастыру нәтижесінде қалыптасатын контрагенттер бойынша жиынтық сомалар файлы;
- Жүйе сайты немесе төлем агенттерінің/субагенттерінің электрондық терминалдары арқылы Клиенттер ресімдеген төлем тапсырмаларының файлы;
- Клиенттер ресімдеген төлем тапсырмаларын топтастыру арқылы қалыптастырылған жиынтық төлем тапсырмаларының файлы;
- әмияндар бойынша айналымдар мен қалдықтар файлы;
2) Есептер:
- тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу операциялары және әмиянды толықтырулар бойынша контрагенттермен есеп айырысу туралы адам оқи алатын форматтағы есеп (контрагенттер бойынша жиынтық сомалар файлының мазмұнын қайталайды);
- жиынтық төлем тапсырмалары бойынша (несиелерді өтеу) адам оқи алатын форматтағы есеп (жиынтық төлем тапсырмалары файлының мазмұнын қайталайды);
- әмияндар бойынша қалдықтар мен айналымдар туралы есеп.
4.6.2. Тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес қалыптастырылатын есеп те жасалып, беріледі.
4.7. Электрондық ақша жүйесінде электрондық әмияндарды көрсету тәртібі (ақша және ақпарат ағындарының схемасы):4.7.1. Төменде келтірілген Электрондық ақша жүйесіне қатысушылар арасындағы ақша және ақпарат ағындарының қозғалысы схемасына сәйкес электрондық ақшаны шығаруды (эмиссиялауды) Эмитент Клиенттерден (жеке тұлғалардан, өкілдерден, жеке кәсіпкерлерден және заңды тұлғалардан), Қағидаларға сәйкес Электрондық ақша жүйесінде тіркелу шартымен, ақша алғаннан кейін жүзеге асырады.
4.7.2. Клиентке электрондық ақшаны шығаруды Эмитент Клиент қолма-қол ақшасыз аудару арқылы төлем жасағаннан кейін жүзеге асырады.
4.7.3. Ақша енгізу немесе аудару кезінде Клиент Электрондық ақша жүйесінде ашылған және өзі сатып алатын электрондық ақша есепке алынатын Электрондық әмиянның нөмірін көрсетеді.
4.7.4. Үшінші тұлғалар Клиенттің Электрондық шотына электрондық ақшаны есепке алу үшін ақша енгізген жағдайда, сатып алынған/өтеусіз алынған электрондық ақшаға қатысты құқықтар мен міндеттер электрондық әмиянның иесі болып табылатын Клиентте туындайды. Бұл әрекеттер электрондық әмиян иесінің мүддесі үшін үшінші тұлғалар жасаған әрекеттер ретінде бағаланады.
4.7.5. Эмитент өз баланстық шотында көрсетілген Клиенттерден қабылданған ақшаның жалпы сомасының Электрондық ақша жүйесіндегі Эмитенттің позициясындағы электрондық ақша сомасына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
4.7.6. Клиенттің электрондық ақшасы Электрондық әмиянда қолжетімді электрондық ақша сомасы туралы ақпарат көрсетілген сәттен бастап Эмитентпен шығарылған деп есептеледі.
4.7.7. Төлем ұйымы Эмитенттен алынған деректерді тексеруді жүзеге асырады және Эмитенттің электрондық хабарламасында көрсетілген электрондық ақшаны шығару сомасын Электрондық ақша жүйесіндегі Эмитенттің позициясында және Клиенттің Электрондық әмиянында көрсетеді.
4.8. Электрондық ақшаны пайдалану және өтеу:4.8.1. Электрондық ақшаны оның иесі азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлемдер жасау, сондай-ақ Қағидаларда айқындалған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де операцияларды жүргізу мақсатында пайдаланады.
4.8.2. Электрондық ақшаны пайдалана отырып төлемдер мен өзге де операцияларды оның Иесі электрондық ақшаның сәйкестендірілген иесінің пайдасына жүзеге асырады.
4.8.3. Иесі сәйкестендірілмеген жеке тұлға болып табылатын электрондық ақша өтеуге және өкілге өткізуге (өкілдің сатып алуына) жатпайды.
4.8.4. Азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау кезінде Жүйеде электрондық ақшаны алған Серіктесте Банк-эмитентке қабылданған төлем сомасына ақшалай талап қою құқығы туындайды.
4.8.5. Сәйкестендірілмеген жеке тұлға болып табылатын электрондық ақша иесі жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс. (талаптар 2026 жылғы 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді.)
4.8.6. Сәйкестендірілмеген жеке тұлға болып табылатын электрондық ақша иесінің бір электрондық құрылғысында сақталатын электрондық ақшаның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайды. (талаптар 2026 жылғы 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді.)
Сәйкестендірілмеген жеке тұлға болып табылатын электрондық ақша иесінің электрондық әмиянынан жұмыс күні ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып төлемдердің және (немесе) өзге де операциялардың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс. (талаптар 2026 жылғы 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді.)
4.8.7. Электрондық ақшаны өтеу – Эмитенттің Клиенттер/Серіктестер/өкілдер ұсынған не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда иесі ұсынбай-ақ айырбастауға жататын өзі шығарған электрондық ақшаны олардың атаулы құнына тең ақша сомасына айырбастауын көздейтін төлем қызметі.
4.8.8. Электрондық ақшаны өтеуді Эмитент электрондық ақша иесі болып табылатын жеке тұлға Клиенттің банктік шотына олардың атаулы құнына тең ақша сомасын аудару не оған қолма-қол ақша беру арқылы жүзеге асырады.
4.8.9. Электрондық ақшаны Клиент – электрондық ақша иесінің банктік шотына өтеу үшін мобильді қосымша және/немесе Жүйе сайты арқылы Клиент өтеуге жататын электрондық ақша сомасын және электрондық ақшаны өтеу жүзеге асырылуға тиіс банктік шотты көрсете отырып, электрондық ақшаны өтеу туралы нұсқау қалыптастырады. Төлем ұйымы Клиенттің нұсқауын өтеу рәсімін жүзеге асыру үшін Эмитентке жібереді. Эмитент өтеу алдында электрондық ақша иесі көрсеткен банктік шотты тексеру рәсімін жүзеге асырады:
- егер Банк-эмитент электрондық ақша иесі/клиент нұсқауда көрсеткен деректерді тексеру кезінде банктік шоттың клиентке тиесілі екенін анықтаса, операция сәтті болып есептеледі және эмитент клиенттің банктік шотына электрондық ақшаны өтейді;
- егер Банк-эмитент Клиент нұсқауда көрсеткен деректерді тексеру кезінде банктік шоттың Клиентке тиесілі емес екенін анықтаса, электрондық ақшаны өтеу жүргізілмейді. Клиентке электрондық ақша иесі мен банктік шот иесінің сәйкестендіру деректерінің сәйкес келмеуіне байланысты электрондық ақшаны өтеу операциясының аяқталмағаны туралы хабарлама жіберіледі.
4.8.10. Сәйкестендірілмеген электрондық ақша иелеріне электрондық ақшаны өтеу операциялары қолжетімсіз. Клиент электрондық ақшаны өтеу операциясын бастамашылық жасаған жағдайда, Клиентке мұндай операцияны жүргізу мүмкін еместігі туралы, электрондық ақша иесі толық сәйкестендіруден өту үшін жүгіне алатын мекенжайлар көрсетілген және толық сәйкестендіру рәсімінен өту туралы ұсынысы бар хабарлама жіберіледі (төлем ұйымы тарапында жеке келу арқылы) немесе ақша аударымдарының банкаралық жүйесінің операциялық орталығынан алынған қолжетімді дереккөздер мәліметтері негізінде қашықтан сәйкестендіру арқылы. Электрондық ақша иесін сәйкестендіруді электрондық ақша эмитенті және (немесе) электрондық ақша жүйесінің Операторы электрондық ақша иесінің жеке қатысуы және оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы не ақша аударымдарының банкаралық жүйесінің операциялық орталығынан алынған қолжетімді дереккөздер мәліметтері негізінде қашықтан сәйкестендіру арқылы жүзеге асырады. Электрондық ақша эмитенті жеке тұлға электрондық ақшаны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен асатын сомаға сатып алған жағдайда, оны сәйкестендіруге міндетті.
4.8.11. Эмитент алынған деректерді салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ төлем ұйымына Клиенттің осы өтініші бойынша электрондық ақшаны өтеу туралы хабарлама жібереді.
4.8.12. Электрондық ақшаны өтеу кезінде берілетін ақша сомасы өтеуге ұсынылған электрондық ақша сомасына сәйкес келуге тиіс.
4.8.13. Электрондық ақша иесі болып табылатын жеке тұлғаның банктік шотының немесе электрондық төлем құралының осы жеке тұлғаға тиесілі екені туралы растауды алмай, электрондық ақшаны сол банктік шотқа немесе электрондық төлем құралына ақша аудару арқылы өтеуді жүзеге асыруға тыйым салынады.
4.9. Электрондық ақша жүйесінде электрондық әмиянды жабу тәртібі4.9.1. Клиент мобильді қосымшада және/немесе Жүйе сайтында Электрондық әмиянды жапқан кезде, Оператор электрондық ақша бойынша рұқсат еткен шығару тәсілі көрсетіле отырып, Электрондық әмиянды жабу туралы нұсқау қалыптастырылады. Егер Клиент сәйкестендірілмеген болса және ол электрондық ақшаны өтеуді кейіннен электрондық әмиянды жабумен жүзеге асырғысы келсе, оған сәйкестендіру рәсімінен өту қажет, себебі электрондық ақшаны сәйкестендірілмеген электрондық ақша иесінің пайдасына өтеуге жол берілмейді. Осындай рәсімнен өткеннен кейін Клиент Электрондық әмиянды жабу және жоғарыда көрсетілген тәсілдермен электрондық ақшаны шығару туралы нұсқау жібереді. Электрондық ақшаны өтегеннен кейін төлем ұйымы Жүйеде Клиенттің Электрондық әмиянды жабу туралы нұсқауын өңдейді.
4.9.2. Клиенттің Электрондық әмиянында электрондық ақша болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасы Электрондық әмиянды жабу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуді талап етпейді.
4.10. Электрондық ақша иесі – жеке тұлғаны сәйкестендіру:4.10.1. Жүйедегі сәйкестендіру жеке тұлғаны толық сәйкестендіру рәсімін білдіреді. Заң талаптарына сәйкес электрондық ақша эмитенті жеке тұлға электрондық ақшаны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен асатын сомаға сатып алған жағдайда, оны сәйкестендіруге міндетті. Электрондық ақша иесін сәйкестендіруді электрондық ақша эмитенті және (немесе) электрондық ақша жүйесінің операторы электрондық ақша иесінің жеке қатысуы және оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы арқылы не ақша аударымдарының банкаралық жүйесінің операциялық орталығынан алынған қолжетімді дереккөздер мәліметтері негізінде қашықтан сәйкестендіру арқылы жүзеге асырады.
4.10.2. Сәйкестендіру мынадай шараларды қамтиды:
- ақшамен немесе өзге мүлікпен операцияны жүзеге асыратын жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу: оның жеке басын куәландыратын құжат деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ заңды мекенжайы;
- ақшамен немесе өзге мүлікпен операцияны жүзеге асыратын заңды тұлғаны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу: құрылтай құжаттарының деректері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ орналасқан жерінің мекенжайы.
4.10.3. Төлем қызметін көрсету мерзімі – төлем қабылданған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
4.10.4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 28 ақпандағы №11 «Төлем ұйымдары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулысын сақтау шеңберіндегі қосымша талаптар:
- электрондық ақша жүйесінің операторы болып табылатын ұйым бір электрондық ақша жүйесі шеңберінде бір электрондық ақша иесіне үштен артық емес электрондық әмиян ашуға жол береді;
- ұйым бір электрондық ақша жүйесі шеңберінде екі электрондық әмияны бар клиенттер – электрондық ақша иелері операцияларына күшейтілген мониторинг жүргізу жөнінде шаралар қабылдайды.
Электрондық ақшаны пайдалана отырып операцияларды өңдеуді жүзеге асыратын ұйым өзінің автоматтандырылған жүйесінде электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын әрбір операция параметрлері туралы толық ақпараттың қалыптастырылуын қамтамасыз етеді, оның ішінде мынадай ақпаратты:
- электрондық ақша жүйесі ішіндегі транзакция сәйкестендіргішін;
- операцияның күні мен уақытын;
- жіберуші мен алушының электрондық әмияндары туралы мәліметтерді (бірегей сәйкестендіргіш, иесінің сәйкестендіру мәртебесі);
- электрондық ақшаны жіберуші туралы мәліметтерді (болған жағдайда);
- электрондық ақшаны алушы туралы мәліметтерді;
- операция мақсатының кодын;
- үшінші тұлғалардың қызметтерін төлеу үшін электрондық ақша жүйесінде қызмет көрсетушілер ретінде ұсынылмаған тұлғалардың пайдасына жіберушіден электрондық ақша аударымы жүзеге асырылатын төлем қызметтерін жеткізушінің (төлем делдалының), оның ішінде шетелдік төлем делдалының атауын;
- электрондық ақшаны өтеу туралы мәліметтерді (банк, банктік шот нөмірі).
Жіберушіден электрондық ақша жүйесінде қызмет көрсетушілер ретінде ұсынылмаған үшінші тұлғалардың қызметтерін төлеу үшін төлем қызметтерін жеткізушінің (төлем делдалының), оның ішінде шетелдік төлем делдалының пайдасына электрондық ақша аударымы жүзеге асырылған кезде, Ұйым төлем құжатында (чекте, түбіртекте, егжей-тегжейлі жазбада) операцияға қатысушылардың толық тізбегінің көрсетілуін қамтамасыз етуге міндетті.
4.11. Клиент электрондық нысанда бастамашылық жасаған төлемдерді өңдеу және төлемді және (немесе) аударымды жүзеге асыру не осы төлемдер бойынша ақшаны қабылдау үшін банкке, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қажетті ақпаратты беру жөніндегі қызметті көрсету тәртібі (бұдан әрі – төлемдер):4.11.1. Төлемдерді өңдеу жөніндегі қызмет мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
4.11.1.1. Төлем ұйымы қызмет көрсетуші Банк-эквайермен жасалған шарт шеңберінде Клиент бастамашылық жасаған, төлем карталарын пайдалану арқылы тиісті төлем мақсатының және тиісті төлем бенефициарының деректемелері көрсетілген төлемдерді өңдеуді, кейіннен төлем бойынша деректемелерді тиісті Банктің пайдасына орындау үшін беруді қамтамасыз етеді, ал Банк өз кезегінде төлем ұйымы арқылы электрондық нысанда берілген Клиенттің нұсқауын орындайды.
4.11.1.2. Клиенттің төлемдерді бастамашылық жасауы WEB-қосымшалар, online-қосымшалар, мобильді қосымшалар (мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар), өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарының бағдарламалық қамтамасыз етуі, виджеттер және Клиенттің төлем картасынан ақшаны есептен шығару туралы өкімдерді Клиенттің электрондық нысанда бастамашылық жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін өзге де қосымшалар арқылы, оларды Банк пайдасына есепке алу және Клиенттен төлем ұйымы алған және төлем ұйымы банк-эквайерге берген Клиенттің тапсырмасын/өкімін кейіннен орындау мақсатында жүзеге асырылады.
4.11.1.3. Төлем қызметін көрсету кезінде төлем ұйымы мынадай іс-қимыл алгоритмін қамтамасыз етеді:
- Клиент интернет желісі, мобильді телефон, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы арқылы төлем ұйымының тиісті қосымшасына кіреді;
- Клиент төлем ұйымының тиісті қызметті көрсеткені үшін тарифпен (комиссия мөлшерімен) танысады;
- Клиент төлем қызметін көрсету талаптарымен танысады және тиісті қосымшада орналастырылған Жүйеге қосылу шартының талаптарымен келіседі;
- Клиент қосымшада Қызмет көрсетушінің пайдасына төлемді бастамашылық жасайды;
- Клиент электрондық қосымшаға төлемді банк-эквайердің орындауы үшін деректемелерді енгізеді;
- Төлемді және/немесе ақша аударымын төлеу үшін Клиент төлем картасының, банктік шоттың деректемелерін енгізеді;
- Төлем ұйымы банк-эквайерге сұрау салу арқылы электрондық нысанда алынған Клиенттің өкімін бастамашылық жасайды;
- Банк төлем ұйымынан және Клиенттен растау алғаннан кейін Клиенттің төлем картасынан және/немесе есеп айырысу шотынан Клиент бастамашылық жасаған операция сомасын төлем ұйымының комиссиялық сыйақысын ескере отырып есептен шығарады;
- Төлем ұйымы Банк-эквайерден төлемнің орындалғанын растайтын хабарламаны алады;
- Төлем ұйымы Клиентке клиент операция жасағанын және Клиенттен төлем ұйымының комиссиясы есептен шығарылғанын растайтын электрондық растауды береді;
- Банк транзакция барысында электрондық нысанда алынған деректер негізінде ақша аударымын Қызмет көрсетушінің ағымдағы шотына және/немесе Клиенттің банктік картасына және/немесе IBAN-ына Банктің және Төлем ұйымының комиссиялық сыйақысын шегере отырып жүзеге асырады.
- Банк-эквайердің жасалған төлемдер бойынша Қызмет көрсетушінің ағымдағы шотына, сондай-ақ Қызмет көрсетушіден алынған төлемдер шеңберінде Клиенттің банктік картасына және/немесе IBAN-ына аударуды Банк қызмет көрсетуші Банктің арнайы транзиттік шоты рұқсат ететін валютада жүзеге асырады.
4.11.2. Төлем қызметін көрсету мерзімі – төлем қабылданған күннен кейінгі күннен бастап 1-4 жұмыс күні ішінде.
4.11.3. Төлем операциялары шеңберінде: Төлем операциясы Қызмет көрсетушінің Жүйені пайдалана отырып бастамашылық жасаған, аударым алушының (Қызмет көрсетушінің клиенті болып табылатын жеке тұлғаның) пайдасына ақша аудару туралы нұсқауын төлем ұйымының дәйекті түрде орындауын білдіреді. Төлем операциясын жүзеге асыру үшін Қызмет көрсетуші төлем ұйымының Жүйесі арқылы аударым алушылардың пайдасына аударымдарды бастамашылық жасау мүмкіндігі үшін арнайы транзиттік шотты өзінің ақшасымен толықтырады. Сондай-ақ Қызмет көрсетушінің өзінің бастамасы мен сұрау салуы бойынша төлемдер Қызмет көрсетушінің пайдасына Жүйе арқылы қабылданған төлемдер сомасынан жүзеге асырылуы мүмкін. Түсінбеушіліктерді болдырмау мақсатында төлем ұйымы операциялардың банкпен арнайы транзиттік шотты пайдалану арқылы жүзеге асырылатынын белгілейді. Төлем ұйымы нақты уақыт режимінде Қызмет көрсетушілерден төлемдерге сұрау салуларды қабылдайды және осындай сұрау салу алынғаннан кейін банкке банктің арнайы транзиттік шотынан ақшаны есептен шығару және тиісті аударым алушының төлем картасына ақшаны есепке алу қажеттігі туралы төлем ақпаратын береді. Банк төлем ұйымынан ақпарат алғаннан кейін арнайы транзиттік шоттан аударым алушының төлем картасына ақша аударады. Төлем ұйымы нақты уақыт режимінде Клиенттерді әрбір жүргізілген операцияның нәтижесі туралы хабардар етеді. Төлем операцияларын жүзеге асыру үшін төлем ұйымы банкпен төлем операциясын жүргізу жөніндегі қызметті ұсыну туралы шарт жасасады, соған сәйкес төлем ұйымы Жүйе арқылы Қызмет көрсетушіден алынған және аударым алушының төлем картасының деректемелерін қамтитын төлем ақпаратын банкке беруді қамтамасыз етеді. Іс-қимылдардың жалпы тәртібі:
- Төлем ұйымы Төлем операциясын жүзеге асыру үшін Қызмет көрсетушіге Жеке кабинетке қол жеткізуді ұсынады;
- Қызмет көрсетуші төлем операцияларын жүзеге асыру мақсаттары үшін арнайы транзиттік шотты ақшамен толықтыруды қамтамасыз етеді;
- Қызмет көрсетуші төлем ұйымының байланыс арнасы (api-арна) арқылы деректерді бере отырып, төлем ұйымына төлем жасауға сұрау салу жібереді;
- Төлем ұйымы Қызмет көрсетушіден деректер алғаннан кейін банкпен байланыс арнасы арқылы Банктің Төлем операциясын жүзеге асыруы үшін төлем ақпаратын қалыптастырады; банк арнайы транзиттік шоттан аударым алушының төлем картасына ақша аударады.