«FFIN Payments» ЖШС-тың
Құпиялылық саясатына
№1 Қосымша
«FFIN Payments» ЖШС төлем
қызметтерін көрсету кезінде
Дербес деректерді жинауға және
өңдеуге келісім
ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
«FFIN Payments» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Осы арқылы, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының, қолданылатын кезде, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі -АХҚО) деректерді қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына, сонымен қатар оларға сай қабылданған нормативтік құқықтық актілерге (бұдан әрі –
Қолданылатын заңнама) сәйкес, мыналарға келісімімді беремін:
1. Мынадай жолмен Деректерді жинауға және өңдеуге
(Олар осы Келісімнің В пунктінде айқындалғандай):(a) Субъектіні Оператордың веб-сайтында (мобильді қосымшасында) Оператордың өзге де электрондық ресурсында тіркеу және (немесе) авторластыру;
(b) Электрондық тасығыштағы Келісімге кез келген тәсілмен, электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен қол қоюға, Оператормен немесе оның агентімен Субъектінің мобильді телефонының нөміріне SMS-хабарламамен немесе web-та немесе өзге де бағдарламалық қосымшада push-хабарламамен жіберілген бір реттік (бір жолғы) кодты (
one-time password) пайдалану жолымен қол қоюға;
(c) Оператордың электрондық ресурстарына кіру, оның ішінде
Cookies немесеСубъектінің деректерін тіркей алатын өзге де саясаттарды, хаттамаларды, бағдарламалық және аппараттық құралдарды қабылдау жолымен;
(d) Оператордың өнімдерін немесе сервистерін пайдалануға.
2. Дербес деректермен, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын, бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын деректермен шектелмей, Оператормен немесе Үшінші тұлғалармен Субъектіге өнімдер мен қызметтерді ұсыну мақсатында, немесе Оператор және көрсетілген Үшінші тұлғалар арасындағы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында, Деректерді беру қолданылатын заңнаманың талаптарына сәйкес талап етілетін кезде, Оператордың үлестес тұлғаларының, Оператор агенттерінің және кез келген өзге тұлғалардың (бұдан әрі бірлесіп – "
Үшінші тұлғалар") пайдасына деректерді беруге. Субъект кейіннен Субъектінің дербес деректері Оператор Үшінші тұлғалардан берілген Деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуді талап етуге міндеттенетін жағдайда, Оператордың қандай да болсын қатысуынсыз өңделе алынатын кезде, Деректер Оператордың немесе Үшінші тұлғалардың дерекқорына енгізілуі мүмкін деп келіседі;
3. Бұл осы Келісімде мәлімделген Деректерді жинау және өңдеу мақсаттары үшін қажет болатын жағдайларда, Оператормен Деректерді Қазақстан Республикасының аумағынан және АХҚО аумағынан тыс жерге мемлекеттердің аумағына трансшекаралық беруге.
Субъект Деректер берілуі мүмкін елдерде Деректерді сақтау шарттары мен талаптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы / АХҚО көздегеннен төмен болуы мүмкін деп, және осы елдердегі Деректердің операторлары оларға тиісті қорғауды қамтамасыз ете алмайды деп келіседі.
4 Осы Келісімде "
Деректерге" оның ішінде, ерекшеліктерсіз, электрондық тасығышта тіркелген, олардың негізінде айқындалатын немесе айқындалған Субъектіге жататын мәліметтер/ақпарат кіреді, бірақ олармен шектелмейді: тегі, аты; телефон нөмірі; электрондық поштаның мекенжайы; Субъект құрылғысының моделі және оның операциялық жүйесі және браузері тілінің типі және (немесе) кіру кезінде пайдаланылған интернет-қосылыстың типі туралы деректер; IP-мекенжайы бойынша алынған Субъектінің орналасқан жері туралы деректер; Субъектімен Интернет желісінде жасалған сатып алулары туралы ақпарат және аналитика үшін өзге де метадеректер (cookie және т.б.); Субъектімен орналастырылған немесе онымен Интернет желісінде қаралған контент, пайдаланушылық жай-күйдың өзгерістері және кіру ұзақтығы туралы.
5. Субъектінің Деректері мынадай мақсатта жиналады және өңделеді (тізбе түпкілікті болып табылмайды): Оператордың және Үшінші тұлғалардың қаржылық қызметтерді көрсету, маркетингтік және жарнамалық белсенділіктерді, зерттеулерді жүргізу бойынша қызметін жүзеге асыру, акцияларды жүргізу, Субъектіге кез келген, оның ішінде Оператордың және Үшінші тұлғалардың өнімдері және (немесе) ұсыныстары туралы ақпараттық материалдарды, сонымен қатар телефон, факсимиле және өзге де байланыс түрлері арқылы басқа да хабарламаларды ұсыну (қайта жіберу), сонымен қатар ашық байланыс арналары бойынша (оның ішінде SMS-хабарламалар, e-mail, push-хабарламалар, дауыстық хабарламалар, қашықтықтан қолжетімділік жүйелері, әлеуетті желілер және т.с.с.), сонымен қатар QR-кодтарды немесе штрих кодтарды пайдалана отырып төлеу үшін, телефон кітапшасынан төлем немесе қызмет алушысын таңдау үшін, Оператордың және/немесе Үшінші тұлғалардың мобильді қосымшасында Субъектінің аватарын/фотосын көрсету үшін, цифрлық құжаттар сервистеріне/сервистерінен Субъектінің цифрлық құжаттарын алу және ұсыну үшін. Оператордың/Үшінші тұлғалардың өкілдерімен дауыстық тілдесу үшін; Субъектіге тауарларды жеткізу және қызметтерді көрсету үшін; Оператормен/Үшінші тұлғамен қылмыстық жолмен алынған кірістердің заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша талаптарды орындауға байланысты тексерулерді жүргізу үшін; Оператордың клиенттерін Субъектінің алаяқтық іс-әрекеттерінен қорғау үшін.
i. Субъектіден осы іс-әрекеттерді жасауға тиісті жазбаша келісім алынған жағдайларды қоспағанда, Субъектінің Дербес деректері Оператормен және (немесе) Үшінші тұлғалармен жалпыға қолжетімді көздерде таратылмайды.
ii. Осы Келісім Оператор қызметінің бүкіл кезеңіне немесе Субъектіге дейін жеткізумен жаңартылған келісім шығарылған мерзімге дейін ұсынылады.